Нормативтік-құқықтық іргетасымыз

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) негізгі құзыреті 2009 жылдың 25 қарашанындағы БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің арасындағы Негізгі келісіммен анықталады. Бұл келісімге сай БҰҰДБ «экономикалық даму саласындағы маңызды сұрақтарды шешу, әлеуметтік ілгері дамуды қолдау және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатудағы жүзеге асырылып жатқан іс-әрекеттерді қолдап, толықтыруы» қажет.

Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесі, мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болып тағайындалғаннан кейін, 1993 жылы ашылды. Содан бері БҰҰДБ жалпы сомасы 70 миллион АҚШ доллары болатын 100-ден астам жобалардың жүзеге асырылуында қолдау көрсетті. 

Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы БҰҰДБ-ның қызметі, Елдік бағдарлама (ЕБ) мен Қазақстанның 2010-2015 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының іс-шаралар Жоспарымен реттеліп отырады. Бұл жоспар мен бағдарлама ұлттық бастылықтарға сәйкес және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стартегиясын («Қазақстан - 2030») қолдайды. БҰҰДБ барлық бағдарламалары мен жобаларында ұлттық жауапкершілік пен мүдделілігін, Қазақстан жағынан еңбек және қаржы көздерінің бөлінуі қарастырылған.