Даму мақсатында жаһандық әріптестік қалыптастыру

Қазіргі жағдай

Даму мақсаттарына жету мен міндеттерін орындауда ұлттық және халықаралық деңгейлерде әріптестік маңызды рол атқарады .Қазақстан халықаралық деңгейде де (сауда-саттық, донорлық және қаржы институттарын қоса алғанда) және ел ішінде де – жеке меншік сектор және азаматтық қоғаммен ынтымақтастық және әріптестік байланыстарды дамытуды жалғастыруда. Қазақстан әртүрлі халықаралық ұйымдардың қатысушысы, сондай-ақ әртүрлі аймақтық және халықаралық шарттар мен келісімдердің жақтаушысы болып табылады. Қазақстанмен жасалған халықаралық (сыртқы) серіктестік оның даму мақсаттарын толығымен қолдайды және одан әрі жүргізеді. Қазіргі кезеңде сауда, инвестициялар, қаржы, ақпараттық технологиялар мен байланыс, сондай-ақ аймақтық және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы байланыстар белсенді түрде іске асырылуда. Ел ішіндегі ынтымақтастық ауқымы мен динамикасы жағынан әртүрлі. Жеке меншік секторымен әріптестік дамып отырғанына қарамастан, азаматтық қоғаммен диалог баяу дамуда. Келешекте ел ішіндегі түрлі ұйымдардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттері аса маңызды проблемаларды: теңсіздік пен маргиналдану, жергілікті деңгейлерде даму, жастар мен әйелдер арасындағы жұмыспен қамтамасыз етілу мәселелерін шешуге шоғырландырылуы тиіс. Азаматтық қоғаммен әріптестік саласында негізгі басымдық диалог және ынтымақтастық тетіктерінің қазіргі барын күшейту (және жаңаларын құру) болуы тиіс. Болашағы бар бағыттардың бірі – ол БҮҰ-ды әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарту болып табылады.