Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Қазіргі жағдай

9 МІНДЕТ: Тұрақты даму принциптерін елдік стратегиялар мен бағдарламаларға енгізу және табиғи қорларды жоғалту үрдісін кері бұру.

Экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кезінде экожүйелік көзқарастың
жоқтығы, қоршаған ортаның сапасын кешенді және үйлесімді басқару принциптерінің сақталмауы Қазақстандағы
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар ретінде аталып өтілді. Дегенмен де, есептік кезеңде Қазақстан осы индикаторлармен белгіленген бірқатар позициялар бойынша көрсеткіштерді жақсартуға қол жеткізді. Нормативтік-заңнамалық негізді жақсарту, басқару құрылымын оңтайландыру және биоәртүрлілікті сақтау аясындағы үрдістерді реттестіру, халықаралық жобаларға белсенді қатысу индикаторлардың жағымды динамикасын сақтаған жағдайда белгіленген мақсатқа қол жеткізуге болатындығын болжауға мүмкіндік береді. Келешекте қабылданған халықаралық конвенцияларға және аймақтық құжаттарға сәйкес трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу үшін аймақтық экологиялық саясатты түзу саласында Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықтың берік механизмдерін қалыптастыру, табиғи-қорларға байланысты заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Экологиялық сақтандыру мен бюджеттен тыс экологиялық қорды құрудың дүниежүзілік тәжірибесін үйрену және келешекте оны Қазақстанға енгізудің маңызы зор.

10 МІНДЕТ: 2015 жылға таза ауыз суға және негізгі санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарға тұрақты қолдары жетпейтін халықтың үлесін екі есе қысқарту.

Сумен қамтамасыз етілуі жағынан Қазақстан Еуразия елдерінің арасындағы сутапшылықты елдердің бірі болып табылады. Қауіпсіз сумен қамтамасыз етуде және қалдықтарды басқару жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуде проблемалар орын алуда, бұның халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде аса зор маңызы бар. Қазіргі таңда үй шаруашылықтарының кем дегенде 10 пайызының жеке үйлерінде су жүргізу құбырлары жоқ, халықтың шамамен алғанда төрттен бірінің лайықты канализация жағдайларына қолдары жетпей отыр. Жағдайды жақсарту үшін сумен жабдықтау жүйелерін жобалауға тапсырыс беру сатысында техникалық талаптары
келісуді ҚР АШМ-ның Су қорлары жөніндегі Комитетіне беру қажет. Елдегі су қорларын бір орталықтан басқару
жөніндегі Ұлттық бағдарлама қабылдау туралы мәселе де өз шешімін күтуде. Сумен жабдықтау жүйелерінің сапасы қазіргі замандық энергия-қор үнемдеушілік технологияларды, құрал-жабдықтарды, материалдарды, су шығынын есептеу жүйелерін қолдану есебінен жақсартыла алады. Қала және ауыл тұрғындарының су пайдалануының үлестік нормаларын азайту мәселесін қарастыру қажет. Ауыз сумен қамтамасыз етуді қаржыландыру механизмдерін жетілдіре түсу керек.

11 МІНДЕТ: 2020 жылға аса қолайсыз әлеуметтік, тұрғын үй және экологиялық ортада тұратын ауыл халқының өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуды қамтамасыз ету.

Ауылдық жерлерге байланысты айтар болсақ, бұл міндеттің шешіміне қол жеткізу қиын болып тұр. Ауылды
өркендету және агроөндірістік кешенді дамыту мақсатында мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан бірсыпыра бағдарламаларға қарамастан, ауыл халқының өмір сүру деңгейі қала халқымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мұның себептері көп, атап айтар болсақ, ауылдың әлеуметтік аясын қалдық принципімен қаржыландыру (бұл әсіресе дағдарыс кезеңінде байқалып тұрды), инфрақұрылымның, ең алдымен көлік, сосын телекоммуникация жүйесінің дамымағандығы. Шағын және шалғайда орналасқан ауылдық мекендерді қаржыландыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, бұл жұмыспен және үймен қамтамасыз ету проблемасын одан сайын шиеленістіре отырып, оларды азып-тозуға, халықтың басқа жаққа қоныс аударуына алып келеді, жұмыс және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шиеленістіре түседі. Проблема жан-жақты қарастыруды және атқарушы биліктің барлық деңгейлерінің қатысуымен кешенді шешімдер қабылдауды қажет етеді. Ағартушылық және білім мен тәрбиеге ерекше назар аудару керек. Ресми статистикаға негізделінген индикаторлардың жағымды динамикасы мәселені 2009 жылға дейін шешуге күш салу қажет екендігін көрсетеді. Бірақ, мәліметтерден көрініп тұрғанындай, ауыл халқының жақсартылған санитарлық – техникалық құралжабдықтармен қамтамасыз етілу үлесі 50% жетпейді. Бұл арада дағдарыс жағдайында қалаларда да, ауылдық жерлерде де өзін жағымды жақтарымен көрсете білген «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылуына байланысты бірсыпыра үміт артуға болады.