АИВ/ЖИТС-пен күрес

Қазіргі жағдай

7 МІНДЕТ: АИВ/ЖИТС-тің таралуын тоқтату және ауруды қысқарту үрдісіне бастау салу.

2010 жылдың 4 қаңтарына Қазақстан Республикасында АИВ-жұқпасының 13784 оқиғасы тіркелген. 1987 жылдан бастап, 2009 жылды қоспағанда, жыл сайын АИВ-жұқпасының жаңа оқиғалары тіркелініп тұрған. 15-49 жастағы халықтың арасында АИВ-жұқпасының таралуы 0,15% құрады. Бұрынғысынша есірткілерді егу арқылы пайдалану басым – 67,5%; жыныс қатынасы арқылы берілу үлесі – 24,4%: АИВ-жұқпа екпе есірткілерді тұтынушылар арасында шоғырланған (2,9%). Жағдаятты талдау АИВ індетін алғашқы сатысында (АИВ негізінен екпе есірткілерді тұтынушылар арасында шоғырланған) ұстап тұруға қол жеткенімен, жағдайдың нашарлау қаупі бар, өйткені есірткілерді егу жолымен тұтынушы адамдардың мінез-құлқы қауіпсіз емес, бұл ретте жастардың АИВ жұқтыру жолдары мен оны жұқтырудан сақтану әдістері туралы білім деңгейлері едәуір төмен, ал емдеуге толығымен қол жетпеген. АИВ және ЖИТС мәселелеріне саяси тұрғыдан қарауды күшейту;
- барлық мұқтаждардың АРВ терапиясына қол жеткізулерін қамтамсыз ету;
- жастардың хабардарлығын арттыру;
- ең осал топтар араларында алдын алу жөніндегі тұрақты бағдарламалармен қамтамасыз ету;
- эпидемиологиялық бақылау жүйесін одан әрі қарай жетілдіру;
- БҮҰ ынтымақтастықты нығайту.

8 МІНДЕТ: 2015 жылға туберкулездің таралуын тоқтату және ауруды қысқарту үрдісіне бастау салу.
Қазақстанда туберкулез классикалық, әлеуметтік негізделген дерт болып саналады және қоғамдық денсаулық сақтаудың күрделі проблемасы ретінде қалып отыр.

БДҰ ресми мәліметтері бойынша Қазақстан туберкулезбен (ТБ) тіркелген науқастану жағынан алғашқы орындарда келеді және туберкулез бойынша БДҰ-ның Еуропалық аймағындағы 18 басымдық елдердің қатарына енеді. Оның үстіне қоздырғышы көптеген дәрі-дәрмектік шыдамды туберкулездің (ҚДШ Т.Б.) таралу деңгейі дүние жүзіндегі ең жоғарылардың бірі болып табылады. Эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне қарамастан, Қазақстанда Үкімет тарапымен осы міндетке жету үшін шаралар қолданылған жағдайда, бұл салада ілгерілеушілікке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ол үшін:
- DOTS негізгі стратегиясының барлық құрауыштарын сапалы енгізу мен жақсартуға барлық күшті жұмсау;
- туберкулезбен науқастану мен емдеу нәтижелерін анықтауда елде жаппай туберкулезге қарсы күреске көмек көрсету жөніндегі халықаралық стандарттардың қолданылуын қамтамасыз ету;
- медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде туберкулезге жұқпа бақылау шараларын қамтамасыз ету;
- үкіметтік, бейүкіметтік және донор ұйымдардың арасында туберкулез, сонымен бірге ТБ-ның дәрілік – шыдамды түрлерінің таралу проблемасының маңыздылығы туралы үгіт жүргізу;
- туберкулезге қарсы бағдарламаның жалпы емдеу желісімен, АИВ/ЖИТС алдын алу және бақылау жөніндегі бағдарламамен, пенитенциарлық қызметпен ведомствоішілік және – аралық бірігуін күшейту қажет.