Ананы қорғауды жақсарту

Қазіргі жағдай

6 МІНДЕТ: 1990-2015 жылдар арасында аналар өлімінің коэффициентін төрттен үшке қысқарту. 2015 жылға өсімпаздық денсаулығы қызметтері мен тауарларына баршаның қолын жеткізу.

Қазақстан МДМ 5 қол жеткізу туралы мәселенің өзектілігі елдегі аналар денсаулығы көрсеткіштерінің әлі де болса төмендігіне, ол аналар өлімінің көрсеткішінің БДҰ-ның Еуропалық аймағы елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екендігіне байланысты болып отыр. МДМ-5 қол жеткізу үшін Қазақстанға АӨК 1990 жылғы 100 000 тірі туғанға шаққандағы 55-тен 2015 жылы 14-ке дейін азайту қажет. Бұл мүмкін бе? Бес жылдың ішінде АӨК қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен екі есе азайту қажет. 1990 жылдан бергі өткен 19 жылдың ішінде АӨК 2 есеге жетер-жетпес қысқарды. АӨК азайған сайын оның әрбір келесі төмендеуіне қол жеткізу өте қиындай түсетіндігі түсінікті жайт. Соған қарамастан, Қазақстанда аналар өлімін қысқартудағы соңғы жылдардағы белгілі ілгерілеушілік аз да болса үміт отын тұтандырады. МДМ-5 қол жеткізу Қазақстанда заңнаманың қаншалықты жедел өзгеретіндігіне, денсаулық саласындағы құрылымдық реформалардың қаншалықты табысты өтетіндігіне, және аналар өлімін қысқарту бағдарламалары менеджменті мен оларды қаржыландырудың қаншалықты әсерлі болатындығына байланысты. МДМ-5 қол жеткізу үшін аналар денсаулығын нығайту проблемасын шешуге мультисекторлық көзқарасты нығайту қажет, ол үшін білім беру, денсаулық сақтау, БАҚ жүйелерінің және бейүкіметтік сектордың әрекеттерін үйлестіре отырып, халықтың, ең алдымен жастардың, қажетсіз жүктілік, ЖҚБЖ және АИВ/ЖИТС алдын алу мәселелері туралы хабардарлығын елеулі дәрежеде жақсартуға қол жеткізу қажет. МДМ-5-ке сексуалдық және өсімпаздық денсаулығына салымдарды арттырған жағдайда ғана қол жеткізуге болады; мұндайда қолда бар қорлар барынша көбірек адамға пайда келтіруді қамтамасыз ету бағдарында бөлінуге тиіс.