Балалар өлімін азайту

Қазіргі жағдай

5 МІНДЕТ: 1990-2015 жылдар аралығында 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлімді үштен екіге қысқарту.

МДМ 4 орындалуы туралы осы есепте және осының алдындағы есептерде де шешімі ҚР Үкіметінің қаулылары және Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен регламенттенген проблемалар анықталынды. Өкініштісі, жергілікті жерлерде тиісті дәрежеде орындалмай келеді, мүмкін, бұл біржағынан медицина қызметкерлерінің жаңа перинаталдық технологиялар мен оларды ұйымдық қамтамасыз етудің негіздерін жете білмегендіктерінен бұйрықтардың мәнін түсінбеулеріне байланысты болуы мүмкін. ҚР МДМ 4 бойынша мәртебенің талдауы мен бағалануы негізінде алынған мәліметтер мынандай ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  • босануға жәрдемдесу практикасына перинаталдық көмекті аймақтандыруды енгізу; және осы қызметті толық қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • жаңа туғандар патологиясы бөлімшелерінің, алғашқы медициналық санитарлық жәрдем көрсетуші алғашқы стационарлар мен мекемелердің практикасына БДҰ «Балалық жас ауруларын бірлесіп жүргізу» бағдарламасын енгізу;
  • тиісті министрліктердің (денсаулық сақтау, білім, жол-көлік қызметтері т.т.) қатысуларымен жазатайым оқиғалардың себептерін анықтау жөніндегі зерттеулер жүргізу;
  • Қазақстан республикасының ДМ аналар мен нәрестелер өлімін қысқарту жөніндегі штабының мәжілістерін ұрық-нәресте шығындарын BABIES матрицасы бойынша мониторингтеу мен бағалаудың нәтижелерін ескере отырып өткізу және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау.