Гендерлік теңдікті қолдау және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру

Қазіргі жағдай

4 МІНДЕТ: Мүмкіндігінше, 2005 жылға бастауыш және орта білім саласындағы, ал 2015 жылдан кешіктірмей – білім берудің барлық деңгейлеріндегі жыныстар арасындағы теңсіздікті жою.

Қазақстанда бұл мақсатқа бастауыш және орта білім аясында жыныстар арасындағы теңсіздікті жою міндетіне
қатысты қол жеткізілген. Дегенмен, Қазақстанда әйелдер мен ерлердің жағдайларындағы айырмашылықтар әлі
де болса елеулі екенін мойындау керек. Сол себепті 2007 жылы қабылданған «4+» жаңа міндеттер әйелдердің
мемлекеттік басқару органдарындағы өкілеттілігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау және іске асыру,
әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын алу және жою үшін заңнамалық және атқарушылық шараларды қамтамасыз ету, мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттік процеске, оның ішінде ерлер мен әйелдердің араларындағы жалақы деңгейіндегі алшақтықтарды да азайту үшін гендерлік көзқарастарды тұрақты енгізу сияқты басымдықтарды қарастырған. Мемлекеттік басқару аясында қосымша міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі ұсыныстардың бірі «Еркектер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы» ҚР қабылданған заңын тиімді іске асырудың үдемелі тетігін жасау болып табылады. Саяси партиялар әйелдердің саяси процесстерге толыққұндықатысулары үшін олардың партияның басқарушы органдарының жұмысында тең өкілдік етуі мен теңқұқықты қатысуларына жәрдемдесуге міндетті. Әйелдердің зорлық-зомбылықтан азат өмір сүруге құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған жұмыстарға қарамастан, оны енгізу механизмдері әлі күнге дейін толығымен іске асырылмай келеді. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, зорлық-зомбылық құрбандықтары мен осы зорлықзомбылықтарды жасаған адамдарға көмек көрсетудің күзет ордерлері мен мемлекеттік стандартарын қолданудың пәрменді жүйесін жасау қажет. Бұл жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсетуге тиісті бюджет қаржыларын бөлумен қатар жүргізілуге тиіс.