Шектен шыққан жоқшылық пен аштықты жою

Қазіргі жағдай

UNDP Kazakhstan, Poverty Reduction

1 Міндет. 1999-2015 жылға дейінгі аралықта табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың үлесін екі есе қысқарту.
2004 жылы Қазақстан МДМ-1-дің 1 міндетін – табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың үлесін екі есе қысқартуды орындады. Бірақ кедейлік ел, әсіресе ауылдық аймақтар үшін әлі де болса күрделі проблема күйінде калып отыр. Сондықтан 2007 жыл үшін есепте жаңа МДМ1+: ауылдық жерлерде тұратын, табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдар санын екі есе қысқарту міндеті ұсынылған болатын. Кедейлікті қысқартудағы қол жеткізілген белгілі бір ілгерілеушілікке қарамастан, республика халқының едәуір бөлігінің табысы төмен және осы көрсеткіш бойынша кедей адамдар санатына қосылу қаупі сақталуда. Іс жүзінде халықтың 80% табысы екі күнкөріс минимумының шамасынан аспайды. Халықтың белгілі бір бөлігінің еңбек нәтижесіндегі табысының аздығы соншалық оларды қалыпты тұрмыс деңгейін ұстап тұруға жеткілікті лайықты табыс деп саралауға келмейді, бұл өнімді еңбекпен айналысуға ықылас тудырмайды. Кедейліктің аймақтық жіктелуі сақталуда, ол барлық аймақтардағы ауыл кедейлігін айнадай ашып беріп отыр. Ауыл кедейлігі қалалық кедейліктен екі есе артық. Халықтың осал топтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік саясат кедейлікті азайту стратегиясының пәрменді механизмі болуға және ең осал әлеуметтік топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратындарды, өздігінен жұмыс табатындарды, көпбалалы және толық емес отбасыларын, қарт адамдарды, мүгедектер мен мигранттардың қорғау жүйесін одан әрі қарай нығайтуға бағытталуы тиіс. Осы міндетке 2015 жылы қол жеткізу үшін ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға жағдай туғызу, мигранттарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіпкерлік қызметке қолдарын жеткізу үшін қолайлы заңнамалық негіз құру, халықтың ең осал топтарына, әсіресе әйелдерге, мигранттарға, босқындарға, жас және қарт адамдарға, мүгедектерге әлеуметтік қорғау жүйесі қызметтеріне қол жеткізу үшін барынша жағдай жасау, сонымен бірге әлеуметтік қызметтерді жеткізіп берушілер ретінде БҰҰ тарта отырып, әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту қажет.

2 МІНДЕТ: 1990-2015 ж. аралығында аштықтан зардап шегуші халықтың үлесін екі есе қысқарту.
Қазақстанда халықаралық ауқымда аштықтан зардап шегуші адамдардың санын жартысына қысқартуға үндеген 2 міндетке МДМ 1 «Шектен тыс жоқшылық пен аштықты жою» шеңберінде қол жеткізілді. Қазақстан үшін аштық проблемасы қазіргі кезде маңызды емес. Осыған байланысты 2 міндет 2007 жылы үйлесімсіз және барабар
тамақтанбайтын халықтың үлесін жартысына азайту деген атпен ұлттық жағдаятқа бейімделген болатын. Қазақстанда тамақтың сапасын жақсартуға халықтың едәуір тобы, әсіресе қауіпті топқа жататын балалар мен бала туатын жастағы әйелдер аса мұқтаж. Атап айтқанда, бес жасқа дейінгі балалардың белгілі бір бөлігінің құнарсыз тамақтануларына байланысты салмақ-бой көрсеткіштері едәуір төмен. Қауіпті топтағылар арасында «жасырын аштық» деп аталатын кейбір микронәрлі заттардың жетімсіздігі кеңінен таралған. Микронәрлі заттардың жетімсіздігін азайту мен жою адамдардың денсаулығын әлдеқайда жақсартуға және балалар мен аналар өлімін қысқартуға мүмкіндік береді, бұл 4 және 5 МДМ қол жеткізуге елеулі үлес болып табылады. Ол үшін үкімет деңгейінде 5 жасқа дейінгі балаларды ұтымды тамақтандыру және жеткіліксіз тамақтану мен тамақтану мәртебесін бұзушылықтардың алдын алу жөнінде кешенді бағдарлама жасау, қабылдау және практикаға енгізу қажет.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы жұмысы

With the support of UN Semey Joint Programme oralmans in East Kazakhstan oblast have created 8 NGOs

Adapting to life in East Kazakhstan

Since the independence of Kazakhstan, over 1 million people including over 464,000 ethnic Kazakhs (Oralmans) immigrated to the country in search of a better life. Theкелесі 

Казахстан: голос в защиту прав инвалидов

С пятилетнего возраста жизнь Али Аманбаева превратилась в бесконечную борьбу, когда ему был поставлен диагноз «тяжелая травма позвоночника». Он вспоминает: «Еще в школе я начал передвигатьсякелесі