2015 жылға жоспарланған сегіз мақсат

Қазақстандағы Мыңжылдық Даму Мақсаттары

MDG Momentum - 1000 days of Actions on streets of Astana

Мыңжылдық қарсаңындағы Даму Мақсаттары, немесе Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) 2000 жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өткен Мыңжылдық саммитінде - қатысқан әлемдік көшбасшылар саны жағынан тарихтағы ең ірі форумда қабылданды. 2015 жылы әлемдегі кедейлік деңгейін 2 есеге азайтуды өздеріне міндет қылып тағайындай отырып 192 мемлекеттің басшылары Мыңжылдық декларациясын қабылдады. БҰҰДБ бұл мақсаттың жүзеге асырылуына ат салыса отырып, Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарына (МДМ) жетудегі ұлттық және жалпыәлемдік әрекеттерді үйлестіруші Агенттік болып табылады.  

МДМ – кедейлік пен аштық, сауатсыздық, жыныстар теңсіздігі, бала мен ана өлімі, АИЖВ/ЖПБИЖС, өкпе ауруы және экологияның нашарлауы мәселелерін шешуге бағытталған өзара байланысты мақсаттар кешені мен даму мақсатындағы ғаламдық әріптестік.