ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

26 Aug 2015
image

Жинаққа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы өкілдігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп өткізген «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның таңдаулы баяндамалары мен сөздері енді.

Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған бұл ғылыми шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың ұйытқы болуымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2015 жылы 12 маусымда өтті. Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар мен қаламгерлер, тəжірибелі ұстаздар мен жас зерттеушілер қатысты.

Еңбек тарихқа қызығатын отаншыл рухтағы қалың оқырман қауымға арналған.